Алматы. 17 шілде. 7kun.kz — Қазақстанда жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) шамамен 680 млн доллар инвестиция салынды. Бұл туралы Энергетика министрлігінде хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл қаражатқа елімізде 75 экологиялық электр станциясы іске қосылды.
"ЖЭК объектілеріне көбінесе Қытай, Германия, Италия, Франция, Испания, Ресей, Голландия және АҚШ инвесторлары тартылады", - деп атап өтті министрлікте.
Сондай-ақ, энергетика министрлігі 2019 жылы 17 жасыл электр станциясын іске қосу жоспарланғанын мәлімдеді. Оның ішінде жыл басынан бері жалпы қуаты 147,6 МВт болатын жеті нысан пайдалануға берілді.
Бұдан басқа, 2018 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК объектілерімен электр энергиясын өндіру 1,35 млрд кВтс құрады. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жасыл энергетиканың үлесі - 1,3%. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2,2 млрд кВт / сағ өндіруге қол жеткізу жоспарланған.