
Астана. 15 маусым. 7kun.kz - Ыбырай Әшімханұлы Тілеуғалеев Қазақстанның Бас көлік прокуроры қызметіне қайта тағайындалды. Бұл туралы ҚР Бас Прокуратуарсының баспасөз қызметі хабарлайды.
"Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асановтың бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ыбырай Әшімханұлы Тілеуғалеев Бас көлік прокуроры қызметіне жаңа өкілеттік мерзімге тағайындалды", - делінген баспасөз хабарламасында.