Экономика
Қазақстанның экономикалық өсімі 0,2% бәсеңдеді
2016 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы экономикалық өсім 0,2%-ға бәсеңдеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев журналистермен кездесу барысында мәлімдеді.
"Тоқсан бойынша экономика өсімі 0,2% бәсеңдеді", - деді ол. Министрдің сөзінше, үкімет әзірше осы жылға арналған экономикалық өсімге қатысты болжамды бекітуді қарастырып жатқан жоқ.
"Осы жылғы ЖІӨ көлеміне қатысты болжам 0,5% деңгейінде қалады. Біз әлі мұнай бағасының қалай болатынын білмейміз. Алғашқы екі айда шикізат құны 34 доллардан түскен жоқ. Біртіндеп көтеріліп келеді. Сондықтан болжам әзірге өзгерісіз қалады", - деді министр.