Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның экспорты 43 %-ға төмендеді

Қазақстанның экспорты 43 %-ға төмендеді

2015 жылдың қаңтар-қазан айындағы Қазақстанның басқа мемлекеттермен сауда айналымы 64,9 млрд долларды құрады. Бұл 2014 жылдың осы уақыт аралығындағы көрсеткішімен салыстырғанда 37%-ға төмендеген. Бұл туралы статистика комитеті  хабарлады.

Есепті кезеңдегі Қазақстанның экспорты 43%-ға азайып, 39,3 млрд долларды құрады. Сондай-ақ, импорт та 25%-ға төмендеп 25,6 млрд доллар болды.

Комитеттың мәліметі бойынша, 2015 жылғы қаңтар-қарашадағы қысқа мерзімді экономикалық индикаторы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,4%-ға өскен. Ал басқа салаларда бірқатар төмендеулер көрсеткен.

2015 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалары 13096 млрд теңгені құрады. Бұл 2014 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 1,5%-ға азайған.

Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,4%-ды құрады. Көрсетілген кезеңдегі жүк айналымының көлемі 465 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,4%-ға кеміді.

Сонымен қатар, капиталға салынған инвестициялар көлемі 6034,1 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 3,9% артық.

2015 жылғы қаңтар-қарашада бөлшек сауда көлемі 5580,4 млрд теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 0,3%-ға өсті.

Өз кезегінде, жалпы өнімінің көлемі 2580,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 3%-ға артты.

Фото:khabar.kz 

Похожие материалы