Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның сыртқы қарызы 4 млрд долларға азайды

Қазақстанның сыртқы қарызы 4 млрд долларға азайды

Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы 2015 жылдың 31 желтоқсанында 153,5 млрд долларды құрап, бір жылы ішінде 4 млрд долларға (2,5%) азайды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы қарыз құрылымының 7,9%-ы немесе 12,2 млрд доллар "Мемлекеттік басқару органдары" (ҚР Үкіметі) мен Орталық банкті (ҚР Ұлттық банкі) қоса есептегенде мемлекеттік секторларға тиесілі.

Сыртқы қарыздың 5,2%-ын немесе 8 млрд долларды "Банктер" ("Қазақстан даму банкі" мен екінші деңгейлі банктер), 33,5% немесе 51,5 млрд долларды - тікелей инвестициялармен байланысты емес секторлар құрайды. 53,3% немесе 81,8 млрд доллар - фирмааралық қарыздар (банктік емес қаржы корпорациялары, қаржылық емес ұйымдар, үй шаруашылығы, коммерциялық емес ұйымдар т.б.).

ҚР Үкіметінің сыртқы қарызы (мемлекеттік басқару органдары) 2015 жылы 4 млрд долларға артқан. Ал банктер мен басқада секторлардың қарызы (фирмааралық қарызды есептегенде) 2,1 млрд долларға және сәйкесінше қарызды өтеу мерзімі бойынша 5,7 млрд долларға қысқарған.

Похожие материалы