Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның жылдық инфляциясы ЕАЭО-дағы ең жоғарғысы болды

Қазақстанның жылдық инфляциясы ЕАЭО-дағы ең жоғарғысы болды

2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы инфляция 13,6%-ды құрады.Бұл өсім Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында ең жоғарғы көрсеткіш болды, деп хабарлайды LS.

Есептік кезеңде инфляция деңгейі Ресейде — 12,9%, Беларусь елінде – 12%-ды құрады.

Қырғызстандағы тауарлар мен қызметтердің бағасы бір жылда 3,4%-ға қымбаттаса, Арменияда керісінше дефляция  тіркелді. Олардың тұтыну бағалары бір жылда  0,1%-ға арзандады.

ЕАЭО елдері арасындағы тағамдық емес тауарлардың құны  22,6%-ға өсті. Бұл көрсеткіш Ресейде 13,7%-ға артты. Содай-ақ, Қазаққстандағы азық-түлік тауарларының бағасы да  10,9%-ға қымбаттады. Бұл көрсеткіш Ресейде 14%, Беларусь елінде 11%-ға артты.

Жалпы ЕАЭО елдері арасындағы жылдық инфляция  2015 жылдың желтоқсан айында,ы қорытындысы бойынша 12,4%-ды құрады.

 Фото:kapital.kz

Похожие материалы