Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Қазақтелеком" Kcell-дің 75% акциясын сатып алады

"Қазақтелеком" Kcell-дің 75% акциясын сатып алады

Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгін Астанада "Қазақтелеком" Kcell-дің 75% дауыс беруші акцияларын сатып алу туралы шартқа қол қойды. 

Ұлттық компанияның мәліметтеріне сүйенсек, "Қазақтелеком" мәміле шеңберінде Telia Company-дан Kcell акцияларының 24% - ын және Fintur Holdings BV-дан  акциялардың 51% - ын сатып алады.

Telia хабарламасында, Kcell-дегі Telia Company және Fintur акцияларының 75% - ға келісілген бағасы $446 млн. тең екені айтылған.

Айта кетейік, "Кселл" акцияларының бақылау пакетін сатып алу "Қазақтелеком" акционерлік құнына оң әсер етеді.

«"Қазақтелеком" Қазақстан аумағында жоғары сапалы ұтқыр және тіркелген байланыс қызметтерін көрсетуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық интеграцияланған желіні құруға ниетті. Бұл мәміле біз үшін стратегиялық мәнге ие, оның ішінде желілерді оңтайландыру және интеграциялау есебінен бірқатар амбициялық жобаларды іске асыруды бастауға мүмкіндік береді. Біз сондай-ақ "Кселл" қызметінің негізгі бағыттарын сақтай отырып, жаңа қызметтердің дамуына ықпал етуге ниеттіміз», -  деді "Қазақтелеком" АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.

"Кселл" компаниясының 75% акциясын сатып алу туралы шешімді "Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесі және "Самұрық-Қазына"АҚ инвестициялық-стратегиялық комитеті қабылдады.

 

Похожие материалы