Алматы. 24 желтоқсан. 7kun.kz – 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ KASE-ге «Кселл» АҚ-ның 75% акцияларын сатып алу туралы мәміленің аяқталғанын хабарлады. Мәміле директорлар кеңесі тарапынан мақұлданды, - деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 12 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ, Telia Company және Fintur Holdings BV компаниялары қазақстандық телекоммуникациялық оператор «Кселл» АҚ-ның 75% акцияларын Қазақтелекомның сатып алуы туралы келісімге қол қойған болатын.
«Қазақтелеком» «Кселл» акцияларының 24%-ын Telia Company компаниясынан, ал 51%-ын Fintur Holdings BV компаниясынан сатып алды.