Қазақстан. 29 маусым. 7kun.kz – «Қазақтелеком» АҚ Елбасының кіші қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі «Инстант Пейментс» ЖШС-мен келісімшартты тоқтатты. Компанияда бұл шешімнің абоненттерге әсер етпейтінін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазақтелеком» келісімшартты бұзу туралы алғаш рет сәуірдің басында мәлімдеді. Ынтымақтастық 2022 жылдың бірінші жартысында аяқталады деп жоспарланған болатын. Orda.kz тілшісі келісімшарттың қалай жүріп жатқанын сұрап көрді.
«Инстант Пейментс» ЖШС-мен шарт 2022 жылғы 27 мамырдан бастап бұзылды, бұзу туралы хабарлама 2022 жылғы 25 ақпанда бұзу күніне дейін 3 ай бұрын жіберілді», – деп хабарлады компанияда.
«Қазақтелекомда» Әлия Назарбаеваның фирмасымен ынтымақтастықты тоқтату абоненттерге ешқандай әсер етпейді деп сендірді. Өйткені ұлттық компания банктермен, төлем және қаржы сервистерінің провайдерлерімен жұмыс істеп жатыр. Онда абоненттермен жасалған шарттың талаптары бойынша комиссия алынбайды. Жаңа жеткізушілермен келісімшарттар да ұқсас шарттарда жасалады.
«Қазақтелеком» заманауи пайдаланушының талаптарына жауап беретін жаңа буын терминалдарын орнату мәселесін қарстыруда. Бұрын байланыс бөлімшелерінде орнатылған терминалдар моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген. Оларды одан әрі күтіп ұстау экономикалық тұрғыдан мүмкін емес, осыған байланысты компания өз терминалдар желісі бар контрагенттермен келісім жасасуды жоспарлап отыр», – деп түсіндірді компанияда.