
Алматы. 8 қараша. 7kun.kz – «Қазақтелеком» Астана (AIR) халықаралық қаржы орталығының биржасында облигациялар орналастырды.
Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланған құжатта 6 қарашада компания өз облигацияларын АХҚО биржасында орналастырғаны атап өтілген.
KASE мәлімметінше, «Қазақтелеком» 75 млрд теңгеге облигацияларды орналастырды. Бір бірліктің номиналды құны - 1 мың теңге. Барлығы 75 млн дана қағаз.