Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақтелекомның акциялары бойынша 2022 жылға дивиденд төлеу туралы шешім қабылданбады

Қазақтелекомның акциялары бойынша 2022 жылға дивиденд төлеу туралы  шешім қабылданбады

"Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесі бір акцияға Т3038.36 мөлшерінде дивидендтер төлеуді ұсынған еді. Алайда бүгін акционерлердің жылдық жалпы жиналысында "Самұрық-Қазына" АҚ бақылаушы акционері бұған "қарсы" дауыс берді. Бұл туралы QazTrading телеграм арнасы жазды.

Акционерлер жиналысында "Самұрық-Қазына" өкілі Тимур Шәріпов 2022 жылғы дивидендтер туралы мәселеге ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында оралу жоспарланғанын атап өтті.

Осылайша, Самұрық-Қазына өткен жылғыдай дивидендтік төлемдер туралы шешімді қолдамағаны белгілі болды.

Похожие материалы