Экономика
Выбор редактора
Қазатомөнеркәсіп IPO барысында Лондон қор биржасында 15% акциясын орналастырды

Алматы. 13 қараша. 7kun.kz – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы IPO барысында Лондон қор биржасында (LSE) 15% акцияларын орналастырды, - деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының баспасөз қызметі.
«Қазатомөнеркәсіп» өз акцияларын халықаралық қор биржасында сәтті орналастырған алғашқы ұлттық компания болды. Компания Лондон қор биржасында 451 млн долларға бағаланған акцияларының 15% сәтті орналастырды», - делінген хабарламада.
Сұраныс ұсыныстан 1,7 есе асып түсті.
769 млн доллар көлемінде өтінімдер берілді, бұл шетелдік және отандық инвесторлардың қызығушылығын көрсетеді.