Экономика
«Қазатомөнеркәсіп» қосымша акцияларын қор биржасына орналастыруды жоспарламайды
Алматы. 14 қараша. 7kun.kz - «Самұрық-Қазына» «Қазатомөнеркәсіптің» қосымша акцияларын орналастыруды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлады Ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов.
Пірматов ХФО биржасында сауда-саттық ашылған күні өткен баспасөз мәслихатында: «Бастапқыда 25% деген шешім қабылданған еді. Қазір «Самұрық-Қазына» 15%-ын сатты және менің түсінуімше «Самұрық-Қазынада» жақын арада қандай да бір акцияларды қосымша сату жоспарда жоқ», - деп мәлімдеді.
Сейсенбі күні "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры Лондондық қор биржасында (LSE) және АХҚО (AIX) биржасында "Қазатомөнеркәсіп" акцияларының 15%-ын орналастырды деген хабар шыққан еді. IPO аясында мемлекеттік қор 451 млн доллар тартты. IPO-дан кейін компаниядағы мемлекеттік қордың үлесі 100%-дан 85%-ға дейін қысқарды.