Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазБСҚА акциялары 2,5 млрд теңгеге сатылды

ҚазБСҚА акциялары 2,5 млрд теңгеге сатылды

Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz – Сауда-саттықта "Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы" АҚ (ҚазБСҚА) және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті акцияларының 35%-ы сатылды. Бұл туралы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің электрондық сауда алаңының сайтында хабарланған.

ҚазБСҚА акцияларының 35%-ы - 2,5 млрд теңгеге ($6,49 млн), ҚазХҚжӘТУ акцияларының 35%-ы - 1,7 млрд теңгеге ($4,57 млн) сатылды.

Сатып алушы туралы ақпарат жоқ. ҚазБСҚА үлесін сатып алуға төрт үміткер өтініш білдірді.

Электрондық тендер әдісімен 332 млн теңгеге ($878 мың) су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің мүліктік кешені де сатылды.

Еске сала кетейік, ақпан айының соңында ҚР Қаржы министрлігі бірқатар қазақстандық оқу орындарындағы өз үлесін саудаға шығарғаны туралы хабарлаған болатын.

7 наурызда Қазақстанда "Қаржы академиясы" АҚ, "Алматы энергетика және байланыс университеті" КеАҚ және "Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті" АҚ акцияларын сату бойынша сауда-саттық өтуі тиіс болатын. Алайда, тендерге қатысушылардан өтінімдер санының жеткіліксіз болуына байланысты сауда-саттық өтпеді.

Похожие материалы