Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Qazkom банкінің қоқыс жәшігінен маңызды құжаттар табылды

Qazkom банкінің қоқыс жәшігінен маңызды құжаттар табылды

Астана. 26 қыркүйек. 7kun.kz - Дүйсенбі күні таңертең Facebook қолданушысы Тимур Асылханов парақшасында Qazkom банк клиенттерінің қағаздары тасталған қоқыс жәшігінің суреттері мен бейнежазбасын жүктеді. Банк қызметкерлерінің айтуынша, "кінәлілер жазаланды". 

"Бүгін Астаны қаласы, Күйші Дина көшесіндегі Қазком банк бөлімшесінің алдындағы қоқыс жәшігінен клиенттердің 2016 жылғы мұрағат құжаттарын көрдім. Келісім шарттар мен жеке куәліктер көшірмесі қоқысқа тасталған. Мұндай құжаттар банк мұрағатында сақталуы керек емес пе?! Немесе шредер арқылы жойылу керек", - деген Асылханов.

Qazkom банктің  Facebook парақшасында мұрағат құжаттары қоқыс жәшігінің жанында кездейсоқ тап болған делінген.

"... бұл адами фактор. Банкте мұндай құжаттарды сақтау мен оны іске асыру ережелері бар. Қазір мұрағат құжаттары бар қорап банкке қайтарылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бөлімше басшысы қызметінен босатылды. Қызметкерлер ҚР заңнамасына сәйкес ішкі нормативтерді сақтап, жауапкершілікті өз мойнына алады", - деп жазылған банк парақшасында.

Мейірім Бақытжанова

Похожие материалы