Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Qazkom Халық банкке бақылау пакетін сату туралы меморандумға қол қойды

Qazkom Халық банкке бақылау пакетін сату туралы меморандумға қол қойды

Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — Қазкоммерцбанк 2 наурызда Халық банкке акциялардың бақылау пакетін сату жайлы өзара келісім туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Qazkom банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Меморандумға қатысқан өзге тараптардың қатарында Қазақстан үкіметі, Қазақстанның Ұлттық банк, Қазкоммерцбанк, Халық банк, БТА банк пен кәсіпкер, Qazkom-ның ірі акционері Кеңес Рақышев бар.

«Меморандумда келісімнің аясы мен шарттары, сонымен қатар, әр тараптың келіссөз барысындағы іс-әрекеті қамтылған. Келісімге келудің басты талабы — Қазкоммерцбанк алдындағы БТА банктің  қарыздарынан туындаған қауіптерді толықтай жауып беру болып отыр», — делінген хабарламада.

Банк меморандум қандай да бір нақты күшке ие емес екендігін және оның нәтижесі келіссөз жасалды дегенді білдірмейтінін алға тартады. Толық келісімге келуге тараптардың алдағы іс-әрекеті мен меморандумда көрсетілген шарттардың толығымен орындалуы әсер етеді.

Похожие материалы