Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Qazkom Ұлттық банктен 400,8 млрд теңгені не үшін алғанын түсіндірді

Qazkom Ұлттық банктен 400,8 млрд теңгені не үшін алғанын түсіндірді

Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz – Қазкоммерцбанк (Qazkom) соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдарындағы қаржылық жағдайы жөнінде тарған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы банктің баспасөз хабарламасында жазылды.

Өткен аптада аноним ақпарат көзіне сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі «банкті тығырықтан шығару бойынша» арнайы мемлекеттік бағдарламаның бастапқы кезеңі ретінде ірі көлемдегі шұғыл қарыздың банкке берілгенін хабарлады. Агенттіктің мәліметіне қарағанда, аталған бағдарлама Qazkom және Ұлттық банктің басшылығы арасында талқыланып,1,5 триллион теңге сомасына бағаланады.

Алайда банктің мәліметінше, мұндай қаржы туралы ешбір келісім жасалмаған.

"Банк осындай көмек қаржыны алуға қатысты Ұлттық банк және үкіметпен ешқандай келіссөздер жүргізбегенін ресми түрде мәлімдейді. 14 желтоқсанда банк бүкіл әлем бойынша қолданылатын екінші деңгейдегі банктерге қысқамерзімді өтімділік ұсыну бойынша стандартты процедура шеңберінде Ұлттық банктен 400,8 млрд. теңге мөлшеріндегі қысқамерзімді қарыз алды. Қарыз қаражаты нарықтық шарттармен, төлемділік пен қайтарымдылық негізінде алынды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, анк капитал толықтығы мен өтімділік деңгейіне қатысты барлық пруденциалдық нормативтерді орындайды. Қаражаттың қысқа мерзімге тартылғанын растау ретінде банк бүгін Ұлттық банктің қарызын 200 млрд теңгеге ішінара өтеді. Берешекті толық өтеу 2017 жылдың І тоқсанына жоспарланған.

Qazkom өз клиенттерін тек негізді ақпаратқа сеніп, банк акционерлері мен басшылығының, сонымен қатар реттеуші болып табылатын Ұлтық Банк пен үкіметтің ресми мәлімдеулеріне ғана көңіл бөлуді сұрайды.

Похожие материалы