Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазком рейтингінің төмендеуіне қатысты пікір білдірді

Қазком рейтингінің төмендеуіне қатысты пікір білдірді

Standard & Poor’s рейтинг агенттігі қаржылай көрсеткіштердің төмендеуіне байланысты Қазкоммерцбанктің ұзақ мерзімді рейтингін бір пунктіге яғни "В-" деңгейінен «CCC+» деңгейіне дейін төмендетті. Ал банктың несиелік төлем қабілетінің рейтингін өзгеріссіз қалдырды. 

Рейтингтің төмендеуі рейтинг агенттіктерінің банкке сыртқы және ішкі факторлар тарапынан болып жатқан қысымның өсе түсті деген пікірін білдіреді. Қазком S&P шешімін осы уақытқа дейін болжанған деп түсіндірді. 2016 жылдың қаңтарында Fitch Ratings агенттігі де Қазкоммерцбанктың рейтингіне қатысты осындай шешім қабылдаған еді. "Осы арқылы бүгінде банктың рейтингі екі агенттік тарапынан да бір деңгейде. Біз Standard & Poor’s сарапшыларының акционерлер құрамы мен банк басшылығы тарапындағы өзгерістеріне және стратегиясына байланысты қаупін түсінеміз. Дегенмен бұл өзгерістердің Қазкоммерцбанкке позитив жағынан әсер ететіндігіне сенім білдіреміз", -деп атап өтті банк тарапынан. Сондай-ақ, банк Қазақстандағы ірі жүйелі қаржы институты болғандықтан салымшылары мен инвесторлары алдындағы жауапкершіліктерін толығымен түсінетіндіктерін атап өтті. Осы саладағы әлемдік консультанттардың қатысуымен құрастырылған жаңа стратегия және жаңа басшылықтың жоспарлары рейтинг агенттіктерінің назар салып отырған барлық қауіптерді ескереді деп түсіндірді қаржы институтынан.

Похожие материалы