Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазкоммерцбанк мультивалюталық депозитті іске қосты

Қазкоммерцбанк мультивалюталық депозитті іске қосты

Қазкоммерцбанк мультивалюталық депозитті іске қосты. Енді банк клиенттері өз салымдарын мультивалюталық депозитке салып, салым ішіндегі қаражатты теңгеге, АҚШ долларына немесе еуроға тез әрі оңай айырбастай алады, деп хабарлады банк баспасөз қызметі. 

Банктің ұсынған жаңа өнімнің ерекшелігі – қаражатты түрлі валютада жинақтап, сақтаудың мүмкіндігі. Сондай-ақ салым ішіндегі валютаның ара салмағын салымшының қалауынша сақтауға әрі қаражатты комиссиясыз, тиімді бағаммен конвертациялауға болады (банк кассаларында қолма-қол ақшаны айырбастау мен жеке тұлғалардың шоттары арасында қолма-қолсыз ақша арасындағы бағамға қарағанда төмен). «Біз қазіргі нарықтың талаптарына жауап беретін және икемді шарттарымен бүгінгі күні өте өзекті өнім болып табылатын жеке тұлғалар үшін жаңартылған мультивалюталық депозитті іске қостық. Енді шартты бұзбай-ақ, сонымен қатар депозит бойынша сыйақыны жоғалтпастан қаражатты тез арада қажетті валютаға айырбастауға болады. Тіпті жақын арада біздің клиенттер бұл қызметті банк бөлімшесіне келмей-ақ өз қалауынша, өздері онлайн орындай алады»,- дейді Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры Әділ Батырбеков. Мультивалюталық депозит Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қорымен қарастырылған максималды сыйақы мөлшерлемесін ұсынады, нақты айтатын болсақ: теңгеде - 14%, АҚШ долларында - 2%, еурода - 1%. Шартқа сәйкес аталған салымды 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге ашуға болады. Салымнан белгіленген ең төменгі қалдыққа дейін қаражатты ішінара алу да, ешбір шектеусіз толықтыру да қарастырылған. Төмендетілмейтін қалдықтың сомасы, сондай-ақ салымды ашу үшін минималды сома: 15 000 теңге, 50 АҚШ доллары немесе 50 еуроны құрайды. Жуық арада мультивалюталық депозитті Homebank.kz интернет-банкинг арқылы ашуға және салым ішінде қаражатты онлайн конвертациялауға болады. Мультивалюталық депозитті ашу және шарттарымен банктің ресми сайтынан осы сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады.

Похожие материалы