Экономика
Авто
Қазкоммерцбанктің тағы бір атқарушы директоры жұмыстан кетті
Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - «Қазкоммерцбанк» АҚ басқа жұмысқа ауысуына байланысты банк басқармасы құрамынан басқарушы директор Айгүл Жайлаубекованың шыққаны туралы хабарлады.
Ол Қазкоммерцбанктің корпоративті қоржынына, сондай-ақ банктің ірі корпоративті клиенттері, ұлттық компаниялар және холдингтермен қарым-қатынас жасау жұмыстарына жетекшілік еткен еді.
Банктің хабарлауынша бұдан кейін корпоративті бизнестің дамуына басқарушы директор Ерұлан Құсаинов жетекшілік ететін болады.