Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазМұнайГаз бен Татнефть өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

ҚазМұнайГаз бен Татнефть өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Алматы. 11 шілде. 7kun.kz – «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ мен «Татнефть» ААҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов
Татарстан басшысы Рустам Миннихановпен кездесті. Кездесуге «Татнефть» ААҚ-ның бас директоры Наил Маганов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев қатысты.

Тараптар мұнай және газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Татнефть» ААҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат аясында талдау, геологиялық зерттеу және бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде, мұнай өңдеу, мұнай химиясы және газ химиясы бойынша жобаларға консультациялық қызмет көрсету мен техникалық тұрғыдан қолдау көрсету кезінде, мұнай алу және кен орындарын пайдалану саласындағы бірлескен ғылыми және жобалық жұмыстарды жүзеге асыруда ынтымақтастық орнатылады.

Похожие материалы