Астана. 16 қараша. 7kun.kz – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының инвесторларға қарызы 8 млрд 366 млн долларға жеткен. Бұл туралы компания басшысы Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
130 маусымдағы жағдай бойынша, яғни 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына компанияның жалпы қарызы 8 млрд 366 млн долларды құрайды. Бізде инвесторлар алдындағы қарызды өтеудің жатық әрі ыңғайлы графигі бар», – деді ол.
ҚМГ басшының айтуынша, компанияның қарызы жоспарлы түрде төмендеуде. 2014 жылы компанияның қарызы шамамен 19 млрд долларды құраған.
Айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүддесіне бағытталған көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы болып табылады. Компания акцияларының 90,42%-ы «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорына, 9,58%-ы ҚР Ұлттық банкіне тиесілі.