Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"ҚазМұнайГаз" 2018 жылдан кейін ІРО-ға шығарылады

"ҚазМұнайГаз" 2018 жылдан кейін ІРО-ға шығарылады

"ҚазМұнайГаз" ұлттық мұнай компаниясы 2018 жылдан кейін ІРО-ға шығарылады.  Бұл туралы ҚМГ-ның экономика және қаржы бойынша директоры Ардақ Қасымбек Fitch рейтинг агенттігінің конференциясында хабарлады. 

Оған дейін жаңа операциялық модельді енгізу, ішкі нарыққа мұнай жеткізу стратегиясын өңдеу тәрізді мәселелерді шешу қажет. "ҚазМұнайГаз" ІРО-сы 2018 жылдан кейін өтеді. Біз қазір компанияның жалпы жағдайын бағалап, 2017 жылы дайындықты бастаймыз. Бізге еркін операциялық модель, кейбір активтерді жекешелендіру қажет. Газ бағасына байланысты сұрақты шешіп, Қашаған жобасын да естен шығармау қажет. Ішкі нарықтағы мәселені назардан тыс қалдырмау кеерк. Себебі мұнай жеткізу бойынша негізгі жүк ҚазМұнайГаздың жауапкершілігінде", -деді Ардақ Қасымбек.

Похожие материалы