Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның 2015 жылдағы таза пайдасы - 244 млрд теңге

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның 2015 жылдағы таза пайдасы - 244 млрд теңге

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан былай – «ҚМГ БӨ», «Компания») 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылға арналған топтастырылған қаржылық есепті жариялады. Бұл туралы компания баспасөз компаниясы хабарлады.

2014 жылдағы 47 млрд теңгемен (263 млн АҚШ доллары) салыстырғанда,  2015 жылы таза түсім 244 млрд теңгені (1 096 млн АҚШ доллары) құрады. 2015 жылы таза түсімнің ұлғаюы негізінен  жыл ішінде теңгенің құнсыздануымен, 2014 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ активтерін толық есептен шығарумен, табыс салығынан басқа салықтардың төмендеуімен байланысты, бұл мұнай бағасының төмендеуінен түсімдердің орнын теңгерді. 2015 жылы түсім 530 млрд теңгені  (2 384 млн АҚШ  доллары) құрады, бұл 2014 жылға қарағанда 37% төмен.  Түсімнің төмендеуі негізінен Брент маркалы мұнай бағасының 47%-ға төмендеуімен, сондай-ақ ішкі нарыққа жеткізілім орташа бағасының 23%-ға, 2014 жылы тоннаға 48 мың теңгеден, 2015 жылы тоннаға 37 мың теңгеге дейін төмендеуіне, экспорттық жеткізілім үлесінің азаюына байланысты, бұл теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамының 24%-ға артуына қатысты ішінара өтелді. Компания бағамдағы айырмашылықтан 449 млрд теңге (2 020 млн АҚШ доллары) мөлшерінде кіріс есептеді. 2014 жылдың 31 желтоқсанындағы 727 млрд теңгемен (4,0 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда, 2015 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша таза ақша қаражаты 1 093  млрд теңгені (3,2 млрд АҚШ долларын) құрады. Таза ақша қаражататырның 0,8 млрд АҚШ долларына азаюы негізінен акционерлерге дивиденд төлеуге, бағамдық айырмашылықтан түскен табысқа байланысты табыс салығын төлеуге, кенорындарындағы күрделі салымдарға байланысты болды, бұл алынған дивидендпен және қардылық кіріспен ішінара өтелді. 2015 жылы өндірістік шығыстар 225 млрд теңгені (1 013 млн АҚШ доллары) құрады, 2014 жылға қарағанда 6%-ға жоғары, бұл негізінен өндірістік құрылымдардағы қызметкерлердің сыйақысы бойынша шығыстардың ұлғайтылуымен түсіндіріледі, жөндеу және қызмет бойынша шығыстардың төмендеуімен ішінара теңгерілген. Өндірістік көрсеткіштер ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлесін есептегенде, 2015 жылы 12 351 мың тонна (тәулігіне 251 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2014 жылдағы деңгейде (2014 жылы 12 328 мың тонна). «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ)  5 510 мың тонна (тәулігіне 111 мың баррель) өндірді, 2014 жылмен салыстырғанда 182 мың тоннаға (тәулігіне 4 мың баррель) немесе 3%-ға көп, негізінен жыл ішінде ұңғыларды бұрғылауда кестеден озып түсу есебінен.  «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2 823 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, 2014 жылдың деңгейінде. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 8 333 мың тоннаны (тәулігіне 168 мың баррель) құрады, 2014 жылмен салыстырғанда  2%-ға көп. ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2015 жылы 4 018 мың тоннаны (тәулігіне 83 мың баррель) құрады, бұл 2014 жылға қарағанда 4%-ға кем, бұл ПҚИ компаниясындағы мұнай өндіру деңгейінің жоспарлы кемуімен байланысты болды. Мұнай және мұнай өнімдерін сату 2015 жылы ӨМГ және ЕМГ мұнай және мұнай өнімдерін сату көлемі 8 305  мың тоннаны (тәулігіне 165 мың баррель) құрады, оның 4 647 мың тонна мұнайы (тәулігіне 92 мың баррель) экспортқа, 2 742 мың тонна (тәулігіне 54 мың баррель) мұнай мен мұнай өнімдері ішкі нарыққа және 916 мың тонна (тәулігіне 18 мың баррель) мұнай Ресейге жөнелтілді. ӨМГ және ЕМГ-дан  ішкі нарыққа жөнелтілген 2 742 мың тонна (тәулігіне 54 мың баррель) мұнай мен мұнай өнімдерінің 2 420 мың тоннасы (тәулігіне 48 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына  (АМӨЗ) жеткізілді, 260 мың тоннасы (тәулігіне 5,2 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жөнелтілді.  Сонымен қатар, 62 мың тонна (тәулігіне 1,2  мың баррель) мұнай өнімдері ішкі нарыққа сатылды. ҚМГ БӨ компаниясының CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының мұнай сатылымындағы үлесі компаниялардың жалпы сату көлемінің 43%-ын құрайтын экспортқа шығарылған 1 707 мың тонна мұнайды (тәулігіне 34 мың баррель) қоса есептегенде, 3 944 мың тоннаны (тәулігіне 80 мың баррель) құрады. Ішкі нарыққа сатылымдар 2 167 мың тоннаны (тәулігіне 45 мың баррель) құрады, оның 1 471 мың тоннасы (тәулігіне 31 мың баррель) ПМХЗ-ына, 506 мың тоннасы (тәулігіне 11 мың баррель) Шымкент МӨЗ-ына, 53 мың тоннасы (тәулігіне 1,0 мың баррель) АМӨЗ-ына және 138 мың тоннасы (тәулігіне 2,5 мың баррель) Ақтау битум зауытына жеткізілді. Ресейге өзара жеткізілім 70 мың тоннаны (тәулігіне 1,3 мың баррель) құрады.

Похожие материалы