Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"ҚазМұнайГаз" құны 3 млрд доллар болатын келісім-шарт жасады

"ҚазМұнайГаз" құны 3 млрд доллар болатын келісім-шарт жасады

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы құны жалпы активтерінің 29 пайызын құрайтын келісім-шартқа қол жеткізгендері туралы хабарлады. Бұл туралы қазақстандық қор биржасының сайтында жазылған. 

ҚМГ-ның директорлар кеңесі келісімді өткен аптада мақұлдады. "Келісім-шарт негізі болатын мүлік құны 3 млрд доллардан аспайды. Мүлік құнының компанияның жалпы активіне пайыздық қатынасы 29 пайызды құрайды. Келісімнің негізгі шарты - қайта табыстау туралы ескертпеге кепілдік беретін келісімге отыру", - деп хабарланған KASE сайтында. Келісім-шарт мерзімі - 2016 жылдың31 наурызы.

Похожие материалы