Экономика
Выбор редактора
"ҚазТрансОйл" басшысы отставкаға кетті
"КазТрансОйлдың" бас директоры Қайыргелді Қабылдин отставкаға кетті. Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, компанияның жаңа басшысы болып Нұртас Шманов тағайындалды.
"ҚазТрансОйл" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен 2015 жылдың 14 желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Қайыргелді Қабылдиннің қызмет өкіліттігі берілген өтінішке сәйкес мерзімінен бұрын аяқталып, 2015 жылдың 16 желтоқсанынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры болып Нұртас Шманов тағайындалды, - делінген хабарламада.
Қайыргелді Қабылдин "ҚазТрансОйл" мен "ҚазТрансГаздың" бірігуіне қарсы болғандықтан отставкаға кету туралы өтініш білдірген. Ол осыдан бір апта бұрын журналистермен кездесу барысында екі компанияның бірігуінде маңызды ештеме болмайтынын айтқан болатын.
Ал жаңа қызметке келген 59 жастағы Н. Шманов «Южнефтепровод» ӨБ («Транснефть» АК), «Теңізшевройл» ЖШС, «Каспий құбыр консорциумы - Ресей», «ШевронНефтьГаз», «ШевронМұнайГаз», «Шеврон Оверсиз Петролеум Инк.» компанияларында лауазымды қызмет атқарды. 2007 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қаңтар айында «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы)қызметін атқарған.
Фото: tengrinews.kz