Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытайдан 75 мыңға жуық турист ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниетті

Қытайдан 75 мыңға жуық турист ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниетті

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне Қытай Халық Республикасынан 75 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде, деп мәлімдеді ОКҚ брифингі барысында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмедегі Қытай Халық Республикасы секциясының Комиссары Ван Цзиньчжэнь.

«ЭКСПО-2017 көрмесіне шамамен 75 мың қытай келеді», - деді Ван Цзиньчжэнь.
ЭКСПО-2017 хатшылығының жетекшісі Аян Еренов өз кезегінде 2015 жылдың 14 желтоқсанында виза режимін жеңілдету бойынша Қытаймен келісім орнатылғанын айтып өтті.
«Жоспарланып отырған іс-шараларды - ЭКСПО-2017 көрмесін, қысқы Универсиаданы өткізу, және 2017 жыл Қазақстанда Қытай туризмі жылы болғандықтан адамдардың Қытайдан көптеп келуі күтілуде», - деді ол.
Аян Еренов еске салып өткендей, визасыз режим 20 дамыған елдің азаматтары үшін бекітілді, олардың ішінде Австралия, Италия, Монако, Бельгия, Қытай және басқа да елдер бар. Оған қоса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЭЫДҰ елдері, сондай-ақ Малайзия, БАӘ, Сингапур және Монако үшін визасыз режим енгізіледі.
Сонмен қатар, ол түсіндіріп өткендей ресми тұлғалар мен көрмеге қатысушылар үшін арнайы виза режимі енгізіледі.  ҚР Үкіметі Халықаралық көрме бюросымен сәйкес келісімге қол қойды.

Похожие материалы