Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қираған Украинаны кім қалпына келтіреді?

Қираған Украинаны кім қалпына келтіреді?

Қазақстан. 12 мамыр. 7kun.kz –Ресейдің әскери шабуылы Украина экономикасы құлдырауда. Алдын ала есеп бойынша, шығын 600 миллиард долларға дейін жеткен. Бұл сома қақтығыс жалғасқан сайын өсе бермек, деп хабарлайды 7kun.kz.

Киев экономика мектебінің (KSE) Ресей-Украина соғысының ел экономикасына келтірген шығынын есептеп көрген. Олардың пікірінше, шығын 600 миллиард долларға жеткен.

Мариуполь
фото: censor.net

Euronews cалыстыруы бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерін қалпына келтіру үшін 13 миллиард доллар жұмсалған. Бұл қазіргі өлшеммен 155 миллиардқа тең. Ал Украина президенті көмекті Еуроодақтан күтетінін мәлімдеді.

Владимир Зеленский
фото: ria.ru

«Соғыс жүріп жатқанда бізге айына 5-7 млрд доллардың көмегі керек. Соғыс аяқталған соң Ресей қиратқан Украинаны қалпына келтіру үшін 600 млрд доллардан астам қаражат қажет. Біздің ел үшін бұл өте үлкен ақша. Ал сіздер үшін көп ақша емес», - деді Зеленский.

Еуроодақта «қалпына келтіру қоры» бар және ол белсенді түрде қолданыста. Украина соған үміт артып отыр. Ал Еуроодақ соғыс зардабын жоюға АҚШ пен Канада, Ұлыбритания да қаржылай қолдау білтіріп, көмектесуі керек деп есептейді.


Иллюстрация: twitter.com/vonderleyen

«Бұл үлкен қаржыны талап екетін әрекет. Бөлінген ақша Украина экономикасын ретке келтіріп, оның ары қарай дамуын жолға қою үшін жұмсалуы тиіс», дейді Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен.  

Демек, жалғыз Еуроодақ Ресейдің Укринаға соғысы зардабын жою алмайды, қомақты қаржы бөле алмайды. Ал Еуроодақ пен АҚШ-тың ресми өкілдері Ресейдің батыста бұғатталған миллиардтарын Украинаны қалпына келтіруге жұмсауды ұсынды.

Похожие материалы