Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Qiwi алғашқы ресейлік крипвалютаны шығармақ

Qiwi алғашқы ресейлік крипвалютаны шығармақ

Qiwi төлем жүйесі битрубль деп аталатын крипвалютаны айналымға шығаруды жоспарлап отыр. Алғашқы ресейлік виртуал валюта 2016 жылы жарық көруі мүмкін. Бұл жөнінде «Коммерсантъ» басылымы жазады.

Компанияның бас директоры Сергей Солониннің сөзіне сүйенсек, ойын іске асыру мақсатында Qiwi  осыған дейін Орталық Банк өкілдерімен бірнеше бейресми кездесулер өткізген. Және алдағы уақытта осы мәселені реттеушімен талқыға салмақ. «Сондай-ақ, біз аталған жобаның сипаттамасын әлеуетті ведомстволарға жолдадық», – дейді Солонин. Виртуал валютаның нақты қай күні шығатыны реттеушілердің шешіміне байланысты белгілі болады. Басылымның мәліметінше, компания blockchain технологиясын пайдалануы мүмкін. Осы технологияның негізінде Bitcoin төлем жүйесі жасалған. Одан бөлек, крипвалюталардың орталықтандырылмаған биржасы деп атауға болатын bitshares технологиясын да қолдануы ықтимал. Екі платформа да бүгінде сынақтан өткізіліп, ресей заңнамаларына сәйкестендіріліп жатыр. Qiwi – Ресейде өз виртуал валютасын айналымға шығарғалы отырған алғашқы компания. Қазіргі таңда бүкіл әлемде биткоиндар қолданылып жүр. Оларға интернет қолданушылары әдеттегі ақшамен сатып алу арқылы не арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы қол жеткізе алады.

Похожие материалы