Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҰҚК арнайы операциясы: 282 кг есірткі тәркіленіп, 59 адам ұсталды

ҰҚК арнайы операциясы: 282 кг есірткі тәркіленіп, 59 адам ұсталды

Астана. 26 қазан. 7kun.kzҰлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операциялар барысында есірткі трафигінің халықаралық және аумақтық арналарын жойды, деп хабарлайды 7kun.kz.

ҰҚК мәліметінше, 2022 жылдың шілде-қазан айларында комитет есірткіге қарсы 36 операция жүргізген, оның ішінде Ресей, Өзбекстан және Қырғызстандағы серіктестермен бірлесіп те шаралар жүргізілді.

«11 халықаралық және 14 аумақтық есірткі трафигінің арналары жойылды. Синтетикалық есірткі өндірумен айналысатын 4 жасырын лабораториясының іс-әрекеті бейтараптандырылды», – делінген хабарламада.

Заңсыз айналымнан 282 келі есірткі, оның ішінде 32 келі героин, 11 келі апиын, 60 келі синтетикалық есірткілер, 156 келі марихуана, 22 келі гашиш алынды. Сонымен қатар, айналымнан 861 «экстази» таблеткасы және психотроптық заттарды әзірлеуге арналған 3 тоннадан аса химиялық реагенттер шығарылды.

Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы тұру бойынша іс-шаралар жалғасуда.

Похожие материалы