ҰҚК арнайы операциясы: Шымкент пен Қонаевта есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен сыбайластары ұсталды
Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан аумағына аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні кіргізудің және сатудың тұрақты арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесілді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҰҚК мәліметінше, «Мефедрон» және «альфа-PVP» әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы саудаланған. Есірткі жасырын орындардың координаттарын беру арқылы бетпе бет кездесусіз алынып отырған.
«Жинақталған бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі ұсталды», – делінген хабарламада.
Тінту барысында заңсыз айналымынан 103 келі синтетикалық есірткі алынды.
Өлімге әкелетін «тауарды» Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қалаларында тарату көзделген.
Есірткіні бизнесіне қарсы іс-қимыл жалғасуда.
2023 жылдың 27 қаңтарында ҚР ҰҚК тұтқынның Орал колониясында терроризмді насихаттағаны үшін сотталғанын хабарлады.