Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҰҚК-ға жұмысқа тұрғызамын деп танысынан 4 млн теңге алған алаяқ ұсталды

ҰҚК-ға жұмысқа тұрғызамын деп танысынан 4 млн теңге алған алаяқ ұсталды

Түркістан. 17 тамыз. 7kun.kz – Түркістан тұрғыны Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа орналастыруға уәде етіп, танысынан 4 млн теңге алған, деп хабарлайды 7kun.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйел қызын ҰҚК-ға жұмысқа тұрғызу үшін танысына 4 млн теңге берген. Алайда ер адам екі жыл бойы уәдесін орындамай, ақшаны да қайтармаған. Алданғанын түсінген жәбірленуші полицияға арызданды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

«Полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтады. Ол жұмыссыз жүрген, орта жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті жәбірленушіні алдап, ақшаны өзіне алған. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда», – делінген хабарламада.

Похожие материалы