Нұр-Сұлтан. 25 тамыз. 7kun.kz – Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
- «Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі ("Мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі ("Билікті күшпен басып алу") және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану");
- Ерғожин ҚК-ның 179-бабы 3-бөлігі ("Билікті күшпен басып алу") және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану");
- Өсіпов ҚК-ның 362-бабы 3-бөлігі бойынша ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану");
- Акипов және Бекмұрат ҚК-ның 362-бабы 1-бөлігі бойынша ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану") сараланған», – делінген хабарламада.
Қазір күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізілуде.
Іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа 6 қазанға, Ерғожинге 13 қазанға және Өсіповке 22 қазанға дейін ұзартылды.