Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов сенат отырысында Владислав Челахтың ісі толығымен зерттеліп, қаралғанын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Меніңше, (Челахтың мәлімдемесіне – авт.) қатысты пікір білдіру артық болады. Оқиға болған жылы қылмыстық іс тергелді. Оқиғаның мән-жайы толық анықталды деп ойлаймын. Мен оның (президентке – автор) не айтқатын білмеймін. Қылмыстық іс толық тергелді. Егер мәлімдеме жасалса, оның мазмұнына қарайық. Қазір мен оның не айтқысы келгенін білмеймін», – деді Алдажұманов.
Оның айтуынша, Шекара қызметінің қызметтік ұстанымы тергеу нәтижесі мен соттың қорытындысына сәйкес келеді.
Айта кетейік, Владислав Челах 2012 жылы 15 адамды өлтірді деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған.