Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қошанов: Келесі президентке ескі сүрлеуге қайта оралу қиын болады

Қошанов: Келесі президентке ескі сүрлеуге қайта оралу қиын болады

Нұр-Сұлтан. 7 қыркүйек. 7kun.kz – 7 жылдық президент өкілеті туралы өзгеріс Конституцияға енгізілсе, кейінгі басшыларға оны кері қайтару оңай болайды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, Конституцияны президент жалғыз өзі өзгерте алмайды.

«Заңды өзгертетін халық. Сондықтан келесі Президентке ескі сүрлеуге қайта оралу қиын болады. Мысалы Президенттің туыстарын белгілі бір лауазымдарға тағайындауына тыйым салынды. Президент өкілетін бір реттік жеті жылдық кезеңмен шектеу ұсынылып отыр. Менің ойымша бұл нормаларды келешек президенттерге кері қайтару қиын болады. Президент жалғыз өзі Конституцияны өзгерте алмайды», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған болатын.

Похожие материалы