Астана. 7 желтоқсан. 7kun.kz – Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, Бородавкиннің мәлімдемесі тәжірибелі елшіге лайық сөз емес.
«Оның сұхбатының кейбір сәті расымен, оның лауазымына сәйкес келмейді және оған жақсы атақ әпермейді. Бородавкин мырза өте тәжірибелі дипломат, біз оны бұрыннан білеміз. Бірақ ол пропагандистер мен саясаттанушыларға ұқсап мәлімдеме жасамауы керек», – деді Қошанов.
Мәжіліс спикері екіжақты қарым-қатынастың игілігі үшін жұмыс істеу міндеті жүктелген дипломаттар үшін мұндай мәлімдемелерге жол берілмейтінін атап өтті.
«Ресейде де, басқа елдерде де ксенофобия бар. Сондықтан біз елдеріміздің, мемлекеттеріміздің игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Біздің мәлімдемелеріміз, саясаткерлердің мәлімдемелері бірінші кезекте екіжақты қарым-қатынасқа нұқсан келтірмеуі тиіс», – деді ол.
Айта кетейік, Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ресейлік басылымдардың біріне берген сұқбатында Қазақстандағы «радикал ұлтшылдар» мен «русофобия» туралы сөз қозғаған еді.