Экономика
Қостанай облысында жалған доллар купюраларын сатумен айналысқан қылмыскерлер ұсталды
Қостанай облысы. 14 қазан. 7kun.kz – Рудныйда жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан бір топ тұлғалар анықталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында жалған валютаны сатуға әрекеттенген қылмыскерлерді ұсталды.
Ұстау кезінде оларда жалған шетел валютасы бар екені анықталды.
Қылмысқа қатысушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ірі көлемдегі жалған ақша табылды.
Тәркіленген жалған қаражаттың жалпы сомасы 28 100 АҚШ долларынан асты.
Заң бұзушылар ұсталды, тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды.