Қостанай облысындағы өрттен өңірлік бизнеске келген залал 200 млн теңгеден асты – «Атамекен» ҰКП
Қостанай облысы. 7 қыркүйек. 7kun.kz – Қостанай облысындағы өрттен өңірлік бизнеске келген залал 200 млн теңгеден асты. Бұл туралы Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір бүлінген бизнес нысандарының саны – 18.
«Оның ішінде Әулиекөл ауданында - 17, Қарасу ауданында – 1. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жабдықтарынан 1 комбайн, 1 трактор жанып кеткен», – делінген хабарламада.
12 кәсіпкердің айтуынша, олардың мүліктік залал сомасы 200 млн теңгеден асады, ал 6 нысан залал сомасын анықтауда. Дәмхана, ТҚКС, сауда және ауылшаруашылық тауар өндірушілері сияқты шағын бизнес өкілдері зардап шекті.
Қазақстандық кәсіпкерлер өрттен зардап шеккен тұрғындар үшін шамамен 200 млн теңге (Kostanay Music Fest - 50 млн теңге және «Агромашхолдинг КЗ» ЖШС Allur зауытымен бірлесіп - 100 млн теңге), сондай-ақ 56 млн теңгеге гуманитарлық көмек жинады. Қостанай халқын Қазақстанның әр түкпіріндегі өңірлік кәсіпкерлер палаталары белсенді қолдап отыр.
6 қыркүйекте Шығыс Қазақстан Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан жолданды. Сондай-ақ, Түркістан облысынан 3 жүк көлігі, мектеп формасының жаңа жиынтықтары бар 2 жүк көлігі, Ақмоланың кәсіпкерлер палатасынан азық-түлік келді.
Бүгін гуманитарлық көмек тиелген фуралар Түркістан облысы, СҚО, Шымкент, Нұр-Сұлтан өңірлік палаталарынан шықты.