Экономика
Қостанайда компания бастығынан 100 млн теңге бопсалаған күдікті 8 жылға сотталды
Қостанай. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Қостанайда қомпанияның банкроттық басқарушысы коммерциялық ұйымның бас директоры мен құрылтайшысынан борышкерлер тізіміне енгізу үшін 100 млн теңге, яғни ірі көлемде ақша бопсалаған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол ЖШС бас директоры мен құрылтайшысынан келісілген соманың жартысын, яғни 50 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды.
Аталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.