Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қостанайда субсидияға бөлінген 161 млн теңгені жымқырғандар қамауға алынды

Қостанайда субсидияға бөлінген 161 млн теңгені жымқырғандар қамауға алынды

Қостанай облысы. 25 тамыз. 7kun.kz – Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидияларды ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Шығыс Запад» ЖШС директоры Нетесов А.А., сонымен қатар Әнуарбеков Ж.А. және Асанов Д.М., 2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында облыстағы шаруа қожалықтарының басшыларын алдап, 161 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.

Мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне инвестициялық субсидия ретінде бөлген ақшасы келесі схема бойынша ұрлық нысанасына айналды: тұлғалар фермерлермен өздері хабарласып, олардың атынан өтініштер мен қаржылық құжаттарды толтырды, оларда жайылымдық суару үшін жеткізілген техниканың бағасы екі есеге көтеріліп, айырмасы ұрланған.

Сот бұл іс бойынша барлық айыпталушыларды құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырды, олар сот залында қамауға алынды.

Похожие материалы