Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қостанайлық полицейге алаяқтық жасағаны үшін 4 млн теңге айыппұл салынды

Қостанайлық полицейге алаяқтық жасағаны үшін 4 млн теңге айыппұл салынды

Қостанай. 28 қазан. 7kun.kz Қостанайлық полицейге алаяқтық жасағаны үшін 4 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды 7kun.kz  «Костанайские новости»-ге сілтеме жасап.

«Сот іс жүргізу келісімінің шарттарына сәйкес, сондай-ақ жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, М.-ны Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 3-бөлігі, 2,4-тармақтарымен кінәлі деп таныды. Өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырумен бірге 4,4 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – деп хабарлады Қостанай аудандық соты.

Анықталғандай, полиция қызметкері жүргізуші куәлігін алуға тәжірибелік және теориялық емтихан тапсыруға көмектескені үшін жәбірленушілерден 441 мың теңге алған.

Сотталушы М. прокурормен кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасады. Сотталушы өз кінәсін мойындап, келісімді толық қолдады.

Похожие материалы