Алматы. 25 маусым. 7kun.kz – Түркістан облысының Арыс қаласында 41 мыңға жуық азамат көшірілді. Бұл туралы үкіметтің отырысында ҚР ІІМ бастығы Ерлан Тұрғымбаев айтты.
«Балалардың барлығы балабақшалардан эвакуацияланды және туыстарында болған балалар да, олардың ата-аналары да табылды, балалар ата-аналарына табысталды. Тап қазіргі уақытта шағым жоқ, арыз жоқ»,– деді ол бүгін үкімет отырысында.
ІІМ басшысы снарядтардың ұшуына байланысты әскери бөлім қоймаларында өрт сөндіру қиын екенін айтты.
«Сондықтан қаладан 41 мыңға жуық азамат эвакуацияланды: 39 мың адам өз бетімен көшті, 2815 адам көшірілді», - деп нақтылады Ерлан Тұрғымбаев.