Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау: үгіт-насихат материалдарын жариялау ережесі

ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау: үгіт-насихат материалдарын жариялау ережесі
«Qazaq media group» ЖШС-на тиеселі 7kun.kz ақпарат агенттігінің редакциясы (бұдан былай – «Редакция») 28.09. 1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы №181 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттыққа үміткерлерді (бұдан былай — «Үміткерлер») 2016 жылғы 20 наурызға белгіленген кезектен тыс сайлауға үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін интернет алаңын ұсыну реті, шарттары және төлемақы мөлшері туралы хабардар етеді. Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар мен Үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау осы Ақпараттық хабарламада және шарт талаптарымен белгіленген бағаға сәйкес жүзеге асырылады. Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау реті жазбаша өтініштердің келіп түсу реті бойынша немесе өтініштер қатар келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Партиялық тізімдерін ұсынған партиялар өкілдерінің, Үміткерлердің жазбаша өтінішіндегі деректер (күні, уақыты және т.б.) негізінде Редакция сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау кестесін белгілейді. Сайлауалды үгіт-насихат материалдары «Сайлау-2016» деген айдармен жарияланады (бұл айдар жарнамаланатын материал аумағында орналастырылуы тиіс). Сайлауалды үгіт-насихатты қамтитын жарияланымдардың барлығында қаржыландыру көзі көрсетіледі. Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау 2016 жылғы 24 ақпанда басталып, 2016 жылғы 18 наурыз 24:00 сағатта (Алматы уақытымен) тоқтатылады. Материалдарды партиялық тізімдерін ұсынған партиялардың өкілдері, Үміткерлер Редакцияға дайын күйінде, сайттың және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес, сайтта жариялануы тиіс уақыттан 3 сағат бұрын, кестеге сай береді.  Үгіт-насихат материалдары қазір қолда бар жарнама алаңдары аумағында орналасуы мүмкін. Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау ақысы 100% көлемде алдын-ала, сәйкес шот берілген күннен кейін 5 (бес) банк күні ішінде төленуі тиіс. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарының талаптары сақталмаған жағдайда, Редакция үгіт-насихат материалын жариялаудан бас тартуға құқылы. Қосымша ақпарат алу үшін: +77754766145 Электронды почта: info@7kun.kz 7kun.kz сайтында жарнама құны: 1 кесте 7kun.kz сайтында дайын PR-мақала жариялау: 2 кес 7kun.kz сайты журналистерінің қатысуымен жарнамалық материалдар (сұхбат, мақала, видеоролик, сюжет, фоторепортаж) дайындап орналастыру: 3 кес

Қосымша ақпарат

Медиалық жарнаманың орындары: 12721711_777153242415022_1278188524_n   PR-мақала орындары: 12696034_777153202415026_1229947869_n  1 күнде сайтқа кірушілер саны: 1 күн 1 айда сайтқа кірушілер саны: 1 ай 7kun.kz сайтының аудиториясы: сайт аудиториясы

Похожие материалы