Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР Парламентінің депутаттары демалысқа кетті

ҚР Парламентінің депутаттары демалысқа кетті

Нұр-Сұлтан. 30 маусым. 7kun.kz – Парламент жетінші шақырылымның екінші сессиясын жауып, демалысқа кетті, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Біз жетінші шақырылымдағы парламенттің екінші сессиясын аяқтап жатырмыз. Тек күш біріктіріп, елдегі өзгерістерге өз ісіміз деп қарау арқылы біз шын мәнінде Жаңа Қазақстанды құра аламыз. Алдағы жұмыста күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Мемлекет басшысының жаңа бастамалары мен реформаларын жүзеге асыруда біз бірге кез келген сын-қатерлерді еңсеріп, Қазақстанымызды бұдан да нығайта түсетін боламыз», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Есеп беру сессиясында екі палатаның қарауында 127 заң жобасы болды, олардың 78-і қабылданды. Парламент қабылдаған заңдардың 66-ына ел Президенті қол қойды, олар заңды күшіне енді. Олардың қатарында омбудсмен, рақымшылық туралы, өлім жазасын жою, сайлау, республикалық референдум, саяси партиялар, сот жүйесі мен судьялар мәртебесі, қылмыстық істің үш буынды моделі, құқық қорғау қызметін өткерудің тәртібін айқындау мәселелері бар.

Депутаттар азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау сияқты әлеуметтік сала мәселелеріне ерекше назар аударды. Соның ішінде әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, ғылыми саланы қаржыландыру және т.б.

Похожие материалы