
Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz – Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Елбасы қол қойған заңдар:
- «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң;
- «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң.