Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР Қаржы министрлігі: Қазақстанда 447 млрд теңгеге мүлік жария етілді

ҚР Қаржы министрлігі: Қазақстанда 447 млрд теңгеге мүлік жария етілді
Қазақстанда 447 млрд теңгеге мүлік жария етілді, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
«Бүгінгі күні 447 млрд теңге заңдастырылды, оның ішінде Қазақстан аумағындағы мүлік бойынша 362,1 млрд теңге, ел аумағынан тыс жердегі мүлік бойынша 1 млрд теңге, ал жария етілген ақша сомасы 83,9 млрд теңгені құрап отыр», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствода еске салып өткендей, ақшаны заңдастыру рәсімі түбегейлі жеңілдетіліп отыр. Ендігі уақытта ақшаны екі жолмен жария етуге болады. Біріншісі, ақшаны банктегі есепшот арқылы көрсетіп, оны 10 пайыздық алым төлемей пайдалану мүмкіндігі беріледі. Екіншісі, шетелдегі немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны банктегі есепшот арқылы көрсетпей, жария етуге болады. Бірақ, бұл ретте бюджетке 10 пайыздық алым төленеді.
Бұдан өзге, мүлікті жария ету рәсімдері де айтарлықтай жеңілдетілген. Енді Қазақстан аумағында орналасқан және тиісінше ресімделген мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларация мен ілеспе құжаттарды тапсыру жеткілікті. Шетелде орналасқан мүлікті жария ету тәртібі де осындай.
Фото:kursiv.kz

Похожие материалы