Нұр-Сұлтан. 23 тамыз. 7kun.kz – ҚР Сыртқы істер министрлігінде вице-министр Ермұхамбет Қоныспаев Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевскиймен кездесті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Кездесу барысында елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзаировқа берген сұхбатында айтқан сөздеріне байланысты наразылық айтылды.
«Қазақстандық тарап мұндай мәлімдемелердің шет мемлекеттің елшісінің қызметіне жол берілмейтіндігі және сәйкес келмейтіндігі туралы ұстанымын білдірді. Мұндай әрекеттер мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасқа нұқсан келтірмеуі керек», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қазақстандық блогерлердің біріне берген сұхбатында Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшісі Петр Врублевскийдің мәлімдемесін айыптаған еді.