Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР Жоғарғы сотының жаңа судьялары сайланды

ҚР Жоғарғы сотының жаңа судьялары сайланды

Қазақстан. 16 маусым. 7kun.kz – ҚР Парламенті cенатының жалпы отырысында депутаттар Жоғарғы сот судьясы лауазымына ұсынылған кандидатураларды қолдады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Сенат депутаттары Досжан Әмір мен Қамбар Нұрышевты Жоғарғы Соттың судьясы лауызымына сайлады. Олардың кандидатураларын президент ұсынды.

Сайланған судьялардың 33 жылдан астам судьялық тәжірибесі бар екенін атап өтілді.

«Судьялық қызметі аудандық соттардың халық судьяларынан басталып, облыстық соттарды басқарды. Олар судьялар қауымдастығында беделді әрі Жоғарғы сот судьяларының жауапты жұмысына дайын», – деді ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Айта кетейік, осы жылдың 19 мамырында кәсіпкерлікті дамытуға арналған кеңесте Мемлекет басышысы сот жүйесін реформалау туралы мәлімдеген болатын.

Похожие материалы