Экономика
ҚТЖ 2016 жылы еншілес компанияларын екі есеге қысқартады
Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында 2016 жылы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» (ҚТЖ) еншілес компанияларын 97-ден 41-ге дейін қысқартады.Компанияны қайта құрылымдау жоспары 2016-2017 жылдары жүзеге асырылмақ, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
"2016 жылғы жекешелендіру және қайта құрылымдау нәтижесінде, еншілес және тәуелді компаниялардың саны 97-ден 41-ге дейін қысқартылады және компания қызметі үш негізгі бағытта жұмылдырылатын болады. Олар: магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерi, мультимодальды логистикалық қызметтері және жүктерді тасымалдау қызметтері", -делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық теміржол желісінің, жүк және жолаушылар тасымалының операторы қызметін атқарады.Сондай-ақ, компания Самұрық Қазына Ұлттық Әлауқаттық Қор құрамына кіреді.
Фото:astana-akshamy.kz