Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚТЖ-ның 2018 жылғы таза шығыны 86 миллиард теңге

ҚТЖ-ның 2018 жылғы таза шығыны 86 миллиард теңге

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – 2018 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттяқ компаниясының таза шығыны 86,4 млрд теңге болды.

Өткен жылы компания 225,7 млрд теңге көлемінде жалпы пайда алды, бұл 2017 жылдың сәйкес көрсеткішінен 17,7%-ға жоғары.

Сонымен қатар, 2018 жылы ҚТЖ табысы 1 трлн теңгеден асты, ал бір жыл бұрын ол 913,1 млрд теңгені (өсім 14,3%) құрады.

Салық салынғанға дейінгі шығын 71,2 млрд теңгені құрады,
2017 жылы компания осы көрсеткіш бойынша 18,3 млрд теңге көлемінде пайда алды.

Ұлттық тасымалдаушының активтері 1,5%-ға 3,2 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ретте капитал 9,3%-ға 1,1 трлн теңгеге дейін қысқарды, ал міндеттемелер 8,7%-ға 2 трлн теңгеге дейін жетті.

Похожие материалы